«КАМЕДА» қоғамдық қоры ҚР Ұлттық экономика министрлігінің (ҰЭМ), ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің (ЕХӘҚМ), Азия даму банкінің (АДБ) және Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму Бағдарламасының (БҰҰДБ) «COVID-19 пандемиясымен күрестегі Қазақстан үшін ынтымақтастық қоры» бірлескен жобасының 3 айлық субсидияланған тағылымдама бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде экономикалық өмір және covid-19 пандемиясының еңбек нарығына теріс әсерімен күресу, халықтың неғұрлым осал топтарына әсерін төмендету және елді жаңа салалармен, кәсіптермен және жұмыс орындарымен дағдарыстан кейінгі кезеңге дайындау үшін Алматы, Шымкент қалаларында және Түркістан облысында (Арыс қаласында) 18 жастан бастап ақылы тағылымдамаға жұмыссыз, өзін-өзі өнімсіз жұмыспен қамтыған және мүмкіндіктері шектеулі адамдарды, сондай-ақ жұмыс берушілерді қабылдауды бастағанын жариялайды.
Жобаның мақсаты: субсидияланатын тағылымдамалар мен ілеспе тренингтер арқылы жұмыс тәжірибесін қамтамасыз ету арқылы жұмыссыз қалған азаматтардың мүмкіндіктерін кеңейту.
Жобаны іске асыру орны: Алматы, Шымкент және Арыс қалалары
Бағдарламаның 2-ші легінің мерзімі: 2022 жылдың ақпан — сәуір айлары
Жобаға сіз төмендегі опциялардың бірі бойынша қатыса аласыз:
Опция 1: Тағылымдамадан өтуші | Опция 2: Жұмыс беруші |
ТЖ кезінде сіз жұмысыңызды жоғалтып алдыңыз ба? Сіздің жасыңыз 18-ден аскан ба? Сіз тәжірибе жинақтап, пайдалы дағдыларды игергіңіз келе ме? Онда біз сізді біздің Жобаға қатысуға және тағылымдамадан өтуші болуға шақырамыз, егер: 1. Сіздің жасыңыз 18-де немесе одан жоғары болса; 2. Сіз жұмыссыз қалған болсаңыз; 3. Сіз орта оқу орнын және/немесе жоғары оқу орнын аяқтадыңыз, бірақ жұмыс таппадыңыз; 4. Сіздің жоғары немесе орта біліміңіз жоқ, бірақ жұмыс істеуге және оқуға ықыласыңыз бар болса. | Сіз Жобаға жұмыс беруші ретінде қатыса аласыз, егер: Сізге еңбек ақы алмайтын қызметкерлер қажет болса;Жастарға өз ұйымыңызда тәжірибе алуға көмектескіңіз келсе;Сіз өз қалаңыздың өміріне өз үлесіңізді қосқыңыз келсе. . |
Бұл Жоба тағылымдамадан өтушіге не береді? — Тұрақты жұмыс табу мүмкіндігі; — Оқу, тәжірибе алу; — Қарым-қатынас; — Менторлардың сүйемелдеуі; — Дағдыларды меңгеру; Және де салық пен өзге де аударымдарды шегергеннен кейін 60 000 (алпыс мың) теңге мөлшерінде ай сайын стипендия алу мүмкіндігі. Егер сізді қызықтырған болса, төмендегі сілтеме бойынша өтіп, сауалнаманы толтыруыңызды сұраймыз: https://docs.google.com/forms/d/17IHJ0Nbu2Lm7B7Isu_xnpbpCBUReg7wgwVGClqep3vs/edit?usp=sharing | Егер осы Жоба және біздің ұсынысымыз сізді қызықтырса, онда осы сілтеме бойынша сауалнаманы толтыруыңызды сұраймыз: https://docs.google.com/forms/d/1LzZpeQjoO_8wqI5U3VmE3pKupCen7P4AZOqGB0LSIJ8/edit?usp=sharing Біздің жобаға жұмыс беруші ретінде қатысу сізге бағалы қызметкерді табуға көмектеседі деп сенеміз! |
Егер сізде сұрақтар қалса, сіз «КАМЕДА» ҚҚ мына нөмірлер бойынша хабарласа аласыз;
тел.: 8 702 497 5688, e-mail: Kameda@inbox.ru
Алматы қаласы бойынша байланыс нөмірі — 8 707 105 30 83 Рамиля
Шымкент және Арыс қалалары бойынша байланыс нөмірі — 8 701 131 40 30 Гульсим