«КАМЕДА» қоғамдық қоры ҚР Ұлттық экономика министрлігінің (ҰЭМ), ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің (ЕХӘҚМ), Азия даму банкінің (АДБ) және Біріккен Ұлттар Ұйымының «COVID-19 пандемиясымен күрестегі Қазақстан үшін ынтымақтастық қоры» Даму Бағдарламасының (БҰҰДБ) бірлескен жобасы шеңберінде халықтың жұмыссыз, өнімсіз өзін-өзі жұмыспен қамтыған топтарын және мүмкіндігі шектеулі адамдарды әлеуметтік салаға тартуды қамтамасыз ету үшін, экономикалық өмір және covid-19 пандемиясының еңбек нарығына теріс әсерімен күресу, халықтың неғұрлым осал топтарына әсерін төмендету және елді жаңа салалармен, кәсіптермен және жұмыс орындарымен дағдарыстан кейінгі кезеңге дайындау үшін Алматы, Шымкент қалаларында және Түркістан облысында (Арыс қаласында) 18 жастан бастап ақылы тағылымдамаға жұмыссыз, өнімсіз өзін-өзі жұмыспен қамтыған және мүмкіндіктері шектеулі адамдарды, сондай-ақ жұмыс берушілерді 3-ші ағынға қабылдауды бастағанын жариялайды. Жобаның мақсаты: субсидияланатын тағылымдамалар мен ілеспе тренингтер арқылы жұмыс тәжірибесін қамтамасыз ету арқылы жастардың мүмкіндіктерін кеңейту.
Жобаны іске асыру орны: Алматы, Шымкент қалалары және Түркістан облысы (Арыс қаласы)
Жобаның мерзімі: маусым — тамыз 2022 жыл.
Жобаға сіз төмендегі опциялардың бірі бойынша қатыса аласыз:
Опция 1: Тағылымдамадан өтуші | Опция 2: Жұмыс беруші |
ТЖ кезінде сіз жұмысыңызды жоғалтып алдыңыз ба? Сізге 18 жыл? Сіз тәжірибе жинақтап, пайдалы дағдыларды игергіңіз келе ме? Онда біз сізді біздің Жобаға қатысуға және тағылымдамадан өтуші болуға шақырамыз, егер: 1. Сіздің жасыңыз 18 бен 29-дың арасында болса; 2. Сіз жұмыссыз қалса; 3. Сіз орта оқу орнын және/немесе жоғары оқу орнын аяқтадыңыз, бірақ жұмыс таппадыңыз; 4. Сіздің жоғары немесе орта біліміңіз жоқ, бірақ жұмыс істеуге және оқуға ықыласыңыз бар болса. | Сіз Жобаға жұмыс беруші ретінде қатыса аласыз, егер: • Сізге еңбек ақы алмайтын қызметкерлер қажет болса; * Жастарға өз ұйымыңызда тәжірибе алуға көмектескіңіз келсеі; * Сіз өз қалаңыздың өміріне өз үлесіңізді қосқыңыз келсе. . |
Бұл Жоба тағылымдамадан өтушіге не береді? * Тұрақты жұмыс табу мүмкіндігі; * Оқу, тәжірибе алу; • Қарым-қатынас; * Менторлардың сүйемелдеуі; * Дағдыларды меңгеру; Және де салық пен өзге де аударымдарды шегергеннен кейін 60 000 (алпыс мың) теңге мөлшерінде стипендия алу мүмкіндігі. Егер сізді қызықтырған болса, төмендегі сілтеме бойынша өтіп, сауалнаманы толтырыңыз: https://docs.google.com/forms/d/17IHJ0Nbu2Lm7B7Isu_xnpbpCBUReg7wgwVGClqep3vs/edit | Егер осы Жоба және біздің ұсынысымыз сізді қызықтырса, онда осы сілтеме бойынша сауалнаманы толтырыңыз: https://docs.google.com/forms/d/1LzZpeQjoO_8wqI5U3VmE3pKupCen7P4AZOqGB0LSIJ8/edit Біздің жобаға жұмыс беруші ретінде қатысу сізге бағалы қызметкерді табуға көмектеседі деп сенеміз! |
Егер сізде сұрақтар қалса, сіз «КАМЕДА» ҚҚ мына нөмірлер бойынша хабарласа аласыз;
тел.: 8 771 050 1537, 8 702 497 5688, e-mail: Kameda@inbox.ru