Дәрігердің сөзінше, инсульт алғандарға алғашқы 4,5 сағатта көмек берілсе, миын қайтадан қалпына келтіруге болады.
Informburo.kz
Қазақстанда қайғылы жағдайларға әкелетін аурулар ішінде инсульт бірінші орында тұр. Қазақстанда жыл сайын 40 мыңнан астам адам инсульт алса, оның 60 пайызы мүгедек болып қалады. Инсульттің алдын алу жолдары қандай, салдарымен қалай күресуге болады? Доктор, нейрохирург Мыңжылқы Бердіқожаевтың «Еркін адамдар» жобасындағы инсульт туралы әңгімесін ұсынамыз.
Мүгедек қылатын аурулар ішінде инсульт бірінші орында
Коронавирустан кейін дүние жүзінде инсульт саны азайып кетті. Жалғыз ғана түсініктеме: атероскелерозы, қант диабеті бар кісілер короновирус инфекциясын өте ауыр өткендіктен көбісі қайтыс болып кетті. Инсультке көбінесе диабеті бар, қан қысымы жоғары, жүрегі ауыратын, жасы алпыстан асқан кісілер шалдығады. Өлімге әкелетін аурулардың ішінде бірінші кезекте онкологиялық аурулар тұр. Ал адамды мүгедек қылатын аурулардың ішінде инсульт бірінші орында. Коронавирус кезінде екі жылда онкологиямен ауыратын науқастар емін дұрыс ала алмаған соң өлім-жітім көбейді.
Үкімет отырысында үш миллион адамның сақтандырылмағаны айтылды. Оларға скрининг секілді бағдарламалар қолжетімсіз болғандықтан онкология ауруларымен ауыруы мүмкін. Сақтандыру жүйесіндегі ақшаның барлығы солардың еміне кетеді. Сақтандырылмаған азаматтар емханада тексерілмейтін болса қант диабетімен де ауыруы мүмкін. Профлактика болмаса мұның бәрі денсаулық сақтау жүйесіне қатты ауыртпашылық салады.
Ресми статистика Қазақстанда жылына қырық мың адам инсульт алады дейді. Менің ойымша, статистика өтірік. Шамамен отыз мың инсульт болуы мүмкін. Кейбір ауруларды ауруханаға жатқызу мүмкін емес. Жедел жәрдеммен келген қан қысымы жоғары адамды амал жоқ инсульт диагнозымен ауруханаға жатқызады.
Инсульттің төрттен үші – миға қан бармай қалған кезде болатын ишемиялық инсульт (ми инфаркті). Қалған төрттен бір бөлігі – қан қысымы жоғары болғандықтан тамырлардың жарылып кетуі. Моңғолоидпыз, Шыңғысханның қосқан үлесі – Монғолияда және Қазақстанда гипертониялық аурулар өте көп. Еуропада адамдар көбінесе ишемиялық инсульт алады. Бізде қан қысымы жоғары адамдардың миына қан кетіп қалады. Ишемиялық инсульттің ішінде де төрттен бір себебі – гипертониялық ауру. Жалпы практикадағы және отбасылық дәрігерлер гипертонияға көп көңіл бөлсе инсульттің алдын алуға болады. Алайда дәрігерлер қағазбасты, толтыртан формасы көп. Адамды емдеумен емес, қағаз толтырумен айналысады.
Мақаланы толық оқу үшін мына сілтемеге өтіңіз: